Жасандысеріктен түсірілген суреттер Кабулдың негізгі әуежайындағы бейберекет көріністерді көрсетті. Талибан күштері Ауғанстанды бақылауға алғаннан кейін мыңдаған үмітсіз ауғандар шетелге қашуға тырысып жатыр.

Фотосуреттерде азаматтық ұшақтарды қоршап тұрған адамдардың қалың тобы көрінеді. Кабулде кейбір рейстер тоқтатылған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде АҚШ-тың әскери ұшақтарына ілесіп жүгіріп келе жатқан адамдардың видеолары тараған, тіпті кейбіреулер ұшу кезінде ұшаққа жабысқан. Бірнеше адам ұшақтан құлап қаза тапқан. 

Лондоннан хабар тарататын The Daily Mail басылымы әуежайда жалпы сегіз адам қайтыс болғанын хабарлады. Олардың екеуін АҚШ әскерлері атып өлтірген, үшеуі реактивті ұшақтардан құлап қаза тапқан, үшеуі көтерілген ұшақтардан құлап көз жұмған. Ал, кейбір ақпараттар жеті адам қайтыс болғанын жазады.

Мәліметтерге сәйкес, Талибан да, АҚШ әскерлері де халықты тарату үшін ескерту оғын атқан, ал америкалық сарбаздар халықты тыныштандыру үшін Apache тікұшағын қолданған.

Вашингтон шенеуніктері Катар астанасы Дохада тәліптермен кездесіп, АҚШ дипломатиялық қызметкерлері мен америкалық күштерге көмектескен ауғандарды эвакуациялауды жалғастыру туралы келісімге келді.

Жасандысеріктен түсірілген суреттерде шетел күштерімен байланысы жоқ бейбіт ауғандар да әуежайға ағылғаны көрінеді. Кейбіреулері көліктерін көше ортасында қалдырып кеткені, қарақұрым халықтың әуежайға жиналып, қашуға тырысып жатқаны байқалады. Тіпті ел ішінде әскери күштермен ресми байланысы бар адамдар да Кабулдан кетуде қиындықтар болғанын хабарлады.

– Біз таліптердің әскери қызметкерлерді жаппай өлтіргені туралы видеоларды және Кандагар мен басқа да ірі қалаларда бейбіт тұрғындарды нысанаға алған виеоларды көрдік. Кейбір аудандарда (тәліптер) тізім жасап, үйлерді аралап іздеп адамдарды өлтіріп жатқаны туралы ақпарат келіп түсіп жатыр. Қазірдің өзінде қалада нысанаға алынғандар мен тонау жайттары туралы хабарлар бар. Кабул тұрғындары дәл қазір қорқынышпен өмір сүруде, – дейді Ауғанстанның БҰҰ-дағы елшісі Гулам Исакзай.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір