09 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: inform.kz
Қарағанды облысында 500 адам шақырып, қызының ұзату тойын жасаған жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов қызметінен кетті. Бұл туралы өңір әкімдігі Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте хабарлады.
– Бүгінгі күннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы карантинді өрескел бұзуы, яғни пандемия кезінде той шараларын ұйымдастыруына байланысты қызметінен босатылды.
Тағы да ескертемін: мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметкердің қызметтік этикасының барлық нормасы бұзылған.
Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан үлкен жұмысты құнсыздандырмаңыздар. Тұрғындардың көңілін қалдырмаңыздар.
Мәртебелеріңіз немесе жұмыс орнына қарамастан әрекеттеріңізге жауап бересіздер!”, – дейді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.
Оқиға 7 тамызда болған. «109» нөміріне «Ариста» мейрамханасында жаппай іс-шара өткізіліп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Қарағанды қаласының полиция, санэпидбақылау және әкімдік қызметкерлерінен тұратын мобильді топ шықты.
Мекеменің жанында көптеген көліктер болғандықтан және мейрамхананың өзінде 400-ге жуық адам болғандықтан, аумақты қоршау үшін полицияның қосымша наряды шақырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір