• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:10:48
Алматы
+12°

61 келіден жоғары салмақта сынға түскен Софья Берульцева Токио олимпиадасындағы жүлдесін марқұм ұстазы Жасталап Санауовқа арнады. Бұл туралы olympic.kz сайты хабарлады.

Жасталап Санауов карэтеден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған. Ол 2020 жылдың 31 желтоқсанында мезгілсіз дүниеден өткен болатын.

– Жасталап ағаның дүниеден озғаны бәрімізге өте қатты әсер етті. Біздің осы олимпиадаға келуіміз үшін барын салды. Бізге де көмектесті, федерацияға да көмектесті. Медальімді соған (Жасталап Санауовқа - ред) арнаймын, – деп көзіне жас алды спортшы.

Жарыстан кейін журналистерге берген сұхбатында финалға жете алмағанына өкінетінін жеткізді.

– Әрине, қуаныштымын. Бірақ финалға шығуға болатын еді. Барымды салдым. Кішкене жетпей қалды. Финалға кішкене жетпей қалғанда өкініштен көзіме жас келді. Бүгінгі қарсыластарымның ешқайсысымен осы уақытқа дейін жарыста кездескен емеспін.  

Жартылай финалда бір-екі соққы алғаннан кейін кішкене тапырақтап қалдым. Бұл жерде төрешіні де, ешкімді кінәлай алмайсың. Бәрі әділ өтті. Нәтижесі осы, – деп жауап берді Софья Берульцева.

7 тамыз күні қазақстандық каратэші Софья Берульцева олимпиада ойдындарынан ел қоржынына қола жүлдені салды. 20 жасар спортшы топтық кезеңде үздік атанып, уақытынан бұрын жартылай финалға жолдама алған болатын. Алайда жартылай финалда египеттік Ферьял Абделазизге 5:4 есебімен жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Софьяның медалі каратэден Қазақстан құрамасының Токио олимпиадасындағы екінші жүлдесі. Ол каратеден олимпиада ойындарында әйелдер арасында  жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде ел спортының тарихына енді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір