• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 07:14:33
Алматы
+12°

Жыл басынан бері 110 қылмыстық іс тіркелген, оның 60-ы ПТР анықтамасын, 50-і вакциналау паспортын қолдан жасауға қатысқан, деп хабарлады Polisia.kz сайты. 

– Жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталды. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын шығарумен және сатумен айналысқан. Сонымен қатар оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде іске асыру фактілерінің жолы кесілді, – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. 

ПТР анықтамасын және жалған вакциналау паспортын қолдан жасағаны үшін 28 адам, оның ішінде 20 медицина қызметкері (6 дәрігер, 14 медицина қызметкері) және 8 делдал ұсталған.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жалған вакциналау паспорттары мен ПТР анықтамасы сатылатыны туралы 70 жарнама анықталған, оның 37-сі қазірдің өзінде бұғатталған.

4 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған. 43 қылмыстық істі тергеу мен сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір