• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:44:13
Алматы
+12°

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны болған Жания Азаматқызының ата-анасын Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев  жеке құттықтап, Жанияның отбасына бір миллион теңгенің сертификатын сыйға тартты.

Сондай-ақ  нәрестеге арба, балаға күтім жасауға арналған заттар мен жеміс-жидек салынған себет табысталған. Ал Жанияның екі үлкен әпкесіне смартфон сыйға берілді.

Кеше, 3 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлаған. 

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Жания Азаматқызы 20 маусымда Алматы қаласында туған отбасында төртінші бала. Халық есебі деректеріне сәйкес ол Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны екені анықталды. 

Туу туралы актісіне сәйкес, нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы 1986 жылғы Назгүл Көбентаева, әкесі 1982 жылғы Азамат Нұрғалиев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір