• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:53:51
Алматы
+35°

Фото: Ауыр атлетика федерациясының instagram парақшасынан

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Токио олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоны жаңа Тoyota Camry автомобильдерімен, спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен құраманың бас бапкерін ақшалай сыйақымен марапаттайды. Бұл туралы ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Спортшыларға автокөлік кілтін федерация президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында табыстайды.

Токиода өтіп жатқан олимпиада ойындарында 61 келіге дейінгі салмақтағы Игорь Сон мен 55 келіге дейінгі салмақтағы Зульфия Чиншанло қола медаль жеңіп алған.

Сәрсенбі күні кешке спортшылар Қазақстанға оралып, оларды Алматы қаласының әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір