• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:42:45
Алматы
+12°

Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон Токио олимпиадасында қола медаль иеленді, деп хабарлады Olympic.kz сайты. 

Қазақстандық зілтемірші 61 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Игорь жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырса, серпе көтеруде 163 келіні еңсерді. 

Төрешілер Игорь Сонның екі мүмкіндігін есепке алған жоқ. Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 294 келіні көтерді. 

Алтын жүлдені қытайлық Ли Фабин (313 келі), күмісті индонезиялық Эко Юли Иреван (302 келі) иеленді. 

Бұл Қазақстан командасы сапындағы екінші жүлде. Кеше дзюдодан Елдос Сметов қола жүлдегер атанған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір