23 Шілде, 2021 NEWS
Фото: polisia.kz
Елордада 78 жастағы анасын қорлаған жігіт 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері ІІО-ның есебінде тұрған, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп жатыр.
Тексеріс кезінде учаскелік полиция инспекторына әйел 56 жастағы ұлының спирттік ішімдік ішіп, үйге мас күйінде келіп, балағат сөз айтып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып, шағым жасаған.
Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 жыл мерзімге мінез-құлқы ерекше тұлға ретінде есепте тұрған.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір