• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 09:24:18
Алматы
+12°

Алдағы демалыс күндері  Шымкентте локдаун енгізіледі. Қаланың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды деп хабарлады Хабар 24 сайты. 

Қаулыға сәйкес вакцинацияланған тұрғындар ғана жұмысқа бара алады. Бизнес субъектілерінің де жұмыс тәртібіне шектеу қойылады.

Бүгінде қалада коронавирус жұқтырды деген қаупі бар 6,5 мыңға жуық адам бақылауда, 1346 адам стационарларда ем қабылдап жатыр. Емдеу мекемелері 61%-ға толған. 

– Демалыс күндері толық локдаун енгізіледі. Көлік қозғалысы мен қоғамдық орындардың жұмысы тоқтатылды. Түнгі режимде тек вакцинацияланған адамдар жұмыс істей алады. "Ashyq" жобасына қатысатын бизнес кәсіпорындарына  да шектеулер қойылады, – деді  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.  

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Лакдаун Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір