14 Шілде, 2021 NEWS
Фото: ашық дереккөз
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес Ashyq жобасының қатысушылары ұйымдастырған: ашық ауадағы марафонға 30-дан көп адам қатыспауы керек, спорттық іс-шараларға көрермендердің толуы 20 пайыздан артық болмауы керек.
Қаулы 13 шілдеден бастап күшіне енді.
Бұған дейін "қызыл аймақтағы" өңірлерде карантин шектеулерін күшейту туралы шешім қабылданған.
Оған сай:
- "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары, жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі тоқтатылады.
Демалыс және мереке күндері:
- қоғамдық көліктің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
- білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың қызметіне ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Жұмыс күндері қызметтері шектеледі:
- "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің қызметі 20-00 сағатқа дейін;
- ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін;
- "Ashyq" жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін; - "Ashyq" жүйесіне қатыспайтындар сағат 18-00-ге дейін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір