• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:38:11
Алматы
+12°

Үндістанда коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрімен ауырған науқастардың саны азайып жатыр. Бұл туралы Үндістан денсаулық министірлігі хабарлады.

Үндістан денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеге сәйкес, соңғы тәулікте 43 мың 393 жаңа жұқтыру жағдайы анықталып, 911 адам қайтыс болған. 44 мың 459 науқас аурудан сауыққан. 458 мың 727 науқас емделіп жатыр.

Үндістан денсаулық сақтау министрлігі вакцинация басталған 16 қаңтардан бері елде 368 миллион 991 мың 222 адам вакцина салғызған. Бірақ 1,4 миллиард тұрғыны бар елде вакцинация індетті тоқтата алатын деңгейге әлі жеткен жоқ.

Коронавирус туралы ақпарат тарататын "Worldometers" сайтының дерегіне сәйкес, Үндістан әлемде ең көп вирус таралған 2-ші және коронавирустан өлім көп болатын 3-ші ел саналады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір