• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:13:10
Алматы
+35°

Батыс барлау қызметінің басшылары АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығаруына байланысты аймақтағы Әл-Каида мен ДАИШ сияқты ұйымдардың күшеюіне алаңдайды. Бұл алаңдаушылық негізсіз емес, деп жазады BBC.

АҚШ президенті Джо Байденнің бұйрығымен шетелдік әскери күштердің Ауғанстаннан шығарылуы тәліптерді күшейтіп жатыр. Тәліптер соңғы күндері көптеген аудандарды өз қатарына қосты. Ауған әскерінің кейбірі тәліптердің қол астына өтсе, кейбірі елден қашып жатыр.

Кейбір халықаралық сарапшылар Ауғанстандағы жағдайды "терроризм қаупі қайта оралды" деп сипаттайды.

Қауіпсіздік және терроризм жөніндегі сарапшы Саджан Гохел BBC тілшісіне "Байденнің Ауғанстаннан кету туралы шешімі тәліптердің билікті басып алуына және әл-Каиданың қайтадан жаһандық шабуылдар жасай алатын деңгейге дейін дамуына әсер етеді" деген.

Ұйымдар үшін мүмкіндік

Енді Ауғанстандағы жағдай нақты екі сценарий бойынша өрбуі мүмкін. Біріншісі, Ауғанстанды 1996-2001 жылдары зұлымдықпен басқарған "Талибан" қайта оралады. Әзірге тәліптер өздерінің астанасы Кабулды "күшпен басып алу мақсатымыз жоқ" дейді. Бірақ олар елдің басым бөлігінде басым күш болып отыр және Ауғанстанды ислам әмірлігіне айналдыру мақсатынан бас тартқан жоқ.

Екіншіден, әл-Каида және оның қарсыласы Ислам мемлекеті  ұйымы Батыс әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылу мүмкіндігін пайдаланбақ. Бұл екі ұйым да қазірдің өзінде Ауғанстанда. Олар елінің таулы табиғатында оқшауланған аймақтардың бәрін жаулап алған.

Ауғанстанда әскери базалары бар шет елдер, сұраныс бойынша арнайы операциялар жүргізе алатын еді. Бұдан былай бұл мүмкін болмайды.

Төнген қауіп

Талибан "11 қыркүйектен бастап барлық шетелдік әскерлер елден шығарылуы керек, әйтпесе бұл жасалған келісімді бұзады" деп мәлімдеді. Шығарылуға тиіс әскер қатарына әуежай мен Кабулдағы АҚШ елшілігін күзететін сарбаздар кіреді.

Талибан қалған шетелдік сарбаздарға шабуыл жасайтынын жариялағанымен, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон армиямен Ұлыбритания шегінгенде артта қанша сарбаз қалдыру керектігін талқылап жатыр.

Британиялық MI6 шетелдік барлау агенттігінің бұрынғы директоры сэр Алекс Янг Батыс әскері Ауғанстаннан шыққан жағдайда Ұлыбританияға шабуыл жасау қаупі артатынын мәлім етті.

– Егер Ұлыбритания толығымен кетпесе және арнайы күштер тобын артта қалдырса, АҚШ базалары жабылғаннан кейін Талибанның нысанасына айналады, – дейді ол.

Талибан мен әл-Каиданың байланысы

Талибан мен әл-Каиданың қарым-қатынасы қалай? Талибан биліктің қандайда бір бөлігіне айналуы әл-Каиданың базалары мен жаттығу лагерлерінің қайтып оралуын білдіре ме? Батыстағы барлау агенттіктерінің басшыларын бұл сұрақтың жауабы бірнеше жылдан бері мазалап келеді.

Осы аймақтағы радикалдық топтармен бірнеше жылдан бері айналысып келе жатқан Азия-Тынық мұхиты қоры докторы Гохельдің айтуынша, Талибан басшылығы бұған шын жүректен тырысса да, олардың әл-Каидамен байланысын тоқтату мүмкін емес. Өйткені олар мәдени, отбасылық және саяси байланыста.

Мархабат Ілияс

Мархабат Ілияс

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір