• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Қараша, 01:11:37
Алматы
+12°

Павлодар облысы Ақсу қаласында өз-өзіне қол салған полицейдің мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

– 5 шілдеде Ақсу қаласында түнгі сағат 23:40-та полиция майорының мәйіті табылды. Ол өз-өзіне қол салған (асылып қалған), – деді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев.

Қазір аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Еске сала кетейік, осы жылдың мамыр айында Павлодар облысы Железин аудандық прокуратурасының ғимаратында 29 жастағы аға тергеуші өзіне оқ атқан болатын. Қызметтік қарудан атылған оқ қызметкердің оң иығына тиген. Ер адамға облыстық ауруханада ота жасалып, кейіннен Павлодар ауруханасына жеткізілген.

Облыстық прокуратура қызметтік тергеу жүргізіп, оқиға болған күні аудан прокурорының орынбасары полиция қызметкерінің жұмысын сынағанын, содан кейін ол өзін-өзі атқанын анықтады. Жүргізілген іс нәтижелері бойынша Павлодар облысы прокуратурасының тәртіптік комиссиясының шешімімен Железин ауданы прокурорының орынбасары және аудан прокуроры қызметінен босатылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір