• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:57:58
Алматы
+12°

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Қаулыға сәйкес:

• адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды, сондай-ақ отбасылық атаулы іс-шараларды) үйде және адам көп жиналатын өзге де жерде өткізуге тыйым салынады;

• қызметі жаңартылмаған объектілерге (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, батуттар, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер) баруға тыйым салынады.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөнінде қатаң талап қойылды.

Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрыннан су ағуы, түшкіру, температура) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырып, үйден медициналық көмек алуға  болады.

Сонымен қатар жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде кемінде екі метр қашықтық сақталып, 10-нан аса адам жиналмауы керек.

Құжатта 65 жастан асқан адамдарға елдімекендер мен қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұру шектелетіні жазылған.

Қаулының толық мәтіні мына жерде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір