• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 09:54:25
Алматы
+12°

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде картоп, сәбіз және қырыққабат сынды азық-түліктің қымбаттауына қатысты пікір білдірді. 

– Бұл мәселемен 2 жыл бойы айналысып келеміз. Былтыр ірі сауда желілеріне немесе өндірушілерге жеңілдетілген несие беру кезінде айналым схемасын енгіздік, олар бағаны белгілі бір деңгейден көтермеуге міндеттеме алады. Осылайша азық-түлік бағасының өсуін тежейміз.

Маусым айында картоп, сәбіз, қырыққабат және басқа да өнім түрлеріне баға өсті. Бұл өнімнің жетіспеушілігінен болды. Бірақ Түркістан облысымен барлық өнім түрін жеткізумен және қант өнімі бойынша Ақсу зауытымен жұмыс істейміз, – деді Сағынтаев.

Қала әкімі қалада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары басталғанын айтты. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір