25 Маусым, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың "үнді" штамына байланысты қалада жаңа шектеу шаралары енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
– Локдаун болмайды. Бірақ шектеу шаралары міндетті түрде енгізіледі. Қаулы жобасын қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті дайындап жатыр. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет комитетінің шешімін күтеміз және комитеттің алғашқы қаулысы шыққан кезде біз де қаулыны жариялаймыз.
Вирустың қаншалықты тез тарайтынын көріп отырмыз, сондықтан бәрі түсінеді деп ойлаймын. Бұл жерде бірінші кезекте вакцинацияны күшейту қажет, – деді шаһар басшысы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір