24 Маусым, 2021 NEWS
Фото: "Ақтөс Тараз" instagram парақшасы
"Ақтөс Тараз" еріктілер тобы Тараздағы аулалардың бірінде үй-жайы жоқ адам ит зорлағанын хабарлады.
Олар жергілікті учаскелік инспектор әрекетсіз отырғанын, "бүгін ит зорлаған адам, ертең қорғансыз баланы зорламасына кім кепілдік береді" дегенді айтады.
Еріктілер өздеріне жүгінген қала тұрғынының баяндауымен оқиғаны мән-жайы туралы жазды.
– Біздің көпқабатты үйіміздің маңын жақсы ит пананаған болатын. Біз оған сарайдың жанынан ұя дайындап бердік. Екі апта бұрын иттің қыңсылап жатқанын естіп, сарай жаққа барғанымызда "бомж-зоофил итті зорлап жатқанын көрдік. Біз оны қуып жіберуге тырысқанымызбен, ол әр түні қайтып келеді. Учаскелік полиция шақыруымызға құлақ аспайды. Ол аздай "ит атқыштарды шақырамын" деп өзімізді қорқытты, – дейді куәгер әйел.
"Ақтөс" үйсіз жануарлар қорының президенті Ирина Келлер "бүгін ол зоофил болса, ертең педофил болуы да ғажап емес" деп полицияның әрекетсіз отырғанына ашулы. Олар полиция "мұндай деректің болғаны анықталмады" дегеніне наразылық білдіріп, үйсіз адам ертең балаларға тиісіп жүрмей ме деп алаңдайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір