• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:26:41
+12°

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан коронавирусқа шалдығушы науқастар саны азаймай тұрғанын айтты.

Әкім тұрғындарды вакцинациядан өтуге шықырып, жұқтыру көрсеткіші азаймаса, локдаунға қайта оралуға тура келетінін мәлім етті.

– Санитарлық дәрігерлер карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулы дайындауда. Тәуекел тобындағы азаматтарға міндетті түрде вакцина алуды ұсынамыз. Бұл топқа педагогтар, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мектеп, балабақша, университет қызметкерлері, қызмет көрсету салалары, яғни халыққа қызмет көрсету орталығы, банктер, шаштараздар, сұлулық салондары, талапкерлер (18 жасқа толған), сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер жатады.

Қала тұрғындарымен тікелей байланыста болатын және жұмыс істейтін қызметкерлер түсінуі керек. Ең алдымен өзін және айналасындағы адамдарды қорғауы қажет. Мысалы, қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалар немесе сауда ойын сауық орталықтарында бөтен адамдармен тікелей байланысатын болсаңыз, ең алдымен вакцинациядан өтіп, өзіңізді және айналаңыздағы жұртты қорғауыңыз керек. Егер аталған ұйым қызметкерлері вакцинацияланбаса, нысанның жұмысы тоқтатылады, – деді А.Көлгінов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір