• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:00:06
Алматы
+12°

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "Дельта" (Үнді) штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты елде локдаун режимі енгізілмейтінін мәлімдеді.  

– Республика аумағында локдаун режимін енгізу мәселесін көріп тұрғаным жоқ. Кеше ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында Нұр-Сұлтан қаласында нақты шектеу шараларын қабылдадық. Қазір қабылданған шаралармен жұмыс істеудеміз. Нақты шешім қабылдау эпидемиологиялық жағдайға байланысты, – деді Тоғжанов.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда "Үнді" штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты ВАК қаланың бас санитар дәрігеріне карантиндік  шектеу шараларын күшейтуді тапсырған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір