• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 07:09:49
Алматы
+12°

Алматыда мутацияланған "дельта" штамының бары белгілі болды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

– Кеше 22 маусым күні "дельта" штамының болу мүмкіндігі анықталды. Біз оны бүгін тағы бір рет растадық. Мутацияланған "дельта" штамының шынымен де айналымда бар екені белгілі болды, – деді ол. 

Бекшинның сөзінше, аталған штамды 1984 жылғы К есімді азаматша жұқтырған. Ол үй шаруасындағы келіншек, еш жерде жұмыс істемейді. Оның күйеуі шетелде іссапарда жүр. Оның жолдасы ақпан айында коронавируспен ауырған. Ал науқастың өзі қазір ауруханада жатыр. Онымен байланыс жасаған жеті адам оқшауланды. Қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

– Әзірге оның бұл штамды нақты қай жерде жұқтырғаны белгісіз. Ол кісі бірнеше нысанда болған. Ол жерлер бақылауға алынды, – деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін коронавирустың "Дельта" штаммына тән мутацияның ықтималдығы анықталғаны хабарланған. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, "үнді" штаммы өзге штаммдарға қарағанда тез жұғады және инкубациялық кезеңі қысқа, 7 күнге дейін созылады.

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов жаңа штамм анықталуына байланысты карантин шаралары күшейтілетінін мәлім етті.

Ол барлық әкімдер адамдар көптеп жиналатын орындарда, әсіресе демалыс орындарында санитарлық талаптардың, әлеуметтік қашықтықтың, маска режимінің қатаң сақталуына баса назар аударуға тиіс екенін айтып, халықты вакциналау қарқынын ұлғайту қажеттігіне назар аударған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Үнді штаммы Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір