23 Маусым, 2021 Барлық аймақтар
Суретті түсірген Ж.Құспанов
Бүгін парламент мәжілісі жетінші шақырылымының алғашқы сессия жұмысы қорытындыланды.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында осы сессия өз жұмысын ел әуелсіздігіне 30 жыл толған тарихи кезеңде бастағанын алға тартты.
– Осы сессиядағы жаңа және нақты қадамдар мәжілістің заң шығару жұмысын одан әрі күшейтуге жол ашты. Соның нәтижесінде, мәжіліс саяси, әлеуметтік, экономикалық маңызы зор көптеген заңдарды қабылдады. Көптеген парламенттік шаралар ұйымдастырылды. Бұл жолда біз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттерін басшылыққа алдық. Оның барлығы, халқымыздың өмір сапасын арттыруға, еліміздің тұрақты дамуын заң деңгейінде қамтамасыз етуге ықпал етті, – деді ол.
Нұрлан Нығматулин атап өткендей, сессия барысында депутаттар өздерінің заң шығарушылық бастамаларын белсенді қолданып, 10 заң жобасын әзірлеп шыққан.
Осы сессияда 230-дан аса депутаттық сауал жолданған. Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және аймақтық даму мәселелеріне бағытталды.
Сондай-ақ палата спикері сессия аяқталғанымен депутаттар өңірлерге, шалғайдағы ауылдық жерлерге барып сайлаушылармен кездесетінін айтты.
Мәжілістің баспасөз қызметі
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір