• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:50:22
Алматы
+12°

Ақтөбе облысының Қобда-Ойыл тасжолындағы жол апатынан қайтыс болған мектеп директорларының суреттері жарияланды.

Осыдан 2 күн бұрын Ақтөбе облысының Қобда-Ойыл тасжолында ірі жол апаты болған. Ойыл ауылынан Қобда ауылына қарай жүріп келе жатқан Тoyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, көлікті басқара алмай қалған.

Көлікте 4 мектеп директоры болған. Олар Ойыл ауданының қасиетті жерлеріне демалуға барып, демалыстан үйлеріне қайтып келе жатқанда жол апатына ұшыраған. Сапар жұмыс сапары болмаған.

Көліктің рөлінде болған қалалық №33 мектептің директоры Альмира Орақова мен №20 мектептің директоры Бағдат Ұрынбаева оқиға орнында жан тәсілім етті. Бағдат Ұрынбаеваның соңында екі қызы қалды. Ал Альмира Орақова тұрмыста болмаған. Марқұмдар ертең жер қойнына тапсырылады.

№25 мектептің басшысы мен жаңа орта мектептің басшысы Ойыл аудандық ауруханасында жатыр. Бірі ауыр халде. Бүгін оларды Ақтөбеге әкелу үшін санавиация ұшағы кетті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 2 мектеп директоры жол апатынан көз жұмды

Жол апатынан зардап шеккен мектеп директорларының жағдайы анықталды

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір