21 Маусым, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда соңғы екі аптада жол апатынан 88 адам қаза тапты. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.
Министрлік өкілі жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың арасында 8 кәмелетке толмаған бала барын айтты.
– Еңбек демалысы кезеңі келісімен автокөлік қозғалысының жиілігі өсіп отыр. Соның әсерінен көліктен келетін қауіп-қатер артты. Кейінгі 2 аптада 428 жол-көлік оқиғасы кезінде 88 адам көз жұмып, тағы 505 адам жарақат алды. Оның ішінде 92 көлік апатында кәмелет жасына толмаған 8 бала қайтыс болып, 102-сі зардап шекті. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің үштен бірі жаяу жүргіншілер ,– деді Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауы жол апаттарының негізгі себебі болып отыр
– Қала сыртындағы жолдарда болатын апаттардың кісі өлімі көрсеткіші жоғары. Жүргізушілер жылдамдық режимін сақтамай және қарсы бағытпен жүруі себеп. Ал елді-мекен аумақтарын жаяу жүргінші жолағын кесіп және жылдамдықты арттыру дерегі жиі тіркеледі, – деді Н. Ораз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір