• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:40:08
Алматы
+12°

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы өңірлік  Мой город басылымы хабарлады.

Қайғылы оқиға 19 маусым сағат 20:20 шамасында Қобда-Ойыл тас жолында болған. Ойыл ауылынан Қобда ауылына қарай жүріп келе жатқан Тoyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, көлікті басқара алмай қалған.

Көлікте 4 мектеп директоры болған. Олар Ойыл ауданының қасиетті жерлеріне демалуға барғаеы хабарланды. Жол апаты демалыстан үйлеріне қайтып келе жатқанда болған. Салдарынан №20 мектеп директоры Бағдат Үрімбаева мен №33 мектеп директоры Альмира Орақова және көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырған. Тағы екі мектеп директоры ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір аталған оқиға қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір