• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:35:56
Алматы
+12°

Түркістан облысында мемлекеттік емтиханнан соң өзіне қол салған жасөспірім оқыған мектеп директоры жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұл ақпаратты ауданның бас ұстазы растады.

– Мектеп директоры Стаева Айсара Нұржігітқызын уақытша тексеру амалдары жүруіне байланысты, осы тексеру амалдарына кедергі жасамас үшін 14 жұмыс күніне жұмыстан шеттеттік. Яғни лауазымдық қызметінен шеттетілді. Егерде мектеп басшысы тікелей осыған кінәлі болатын болса яғни өзінің жазасын алуға мен құп қосыламын, – деді Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева.

9 маусым күні Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы Көкарал ауылындағы орта мектептің 9-сынып түлегі Эльвира Мықтыбек емтиханнан кейін өзіне қол жұмсаған.

Ол үздік аттестатқа үміткер болатын. Ата-анасы қайғылы жағдайға  мектеп директорын кінәлайды. Сыныптастары мектеп басшысының сынақ үстінде оқушы қызға ауыр сөз айтып, намысына тигені жасөспірімнің өзіне қол салуына себеп болуы мүмкін дейді. Осы жағдайдан соң арнайы топ тексеру жүргізген,  қорытынды әлі жарияланған жоқ.

Марқұм өзіне қол жұмсар алдында "Анашым, мен сіздердің үміттеріңізді ақтамадым" деп хат жазып кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір