14 Маусым, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Нұр-Сұлтандағы "Нұрлы жол" вокзалына 17 маусымнан бастап тек Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіруге болады. Бұл туралы ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Коронавирустың таралу қаупін төмендету мақсатында вокзалдың барлық кіреберісінде QR-код орнатылады. Оны Ashyq, Kaspi.kz, Homebank мен Aitu қосымшалары арқылы сканерден өткізіп жеке статусты білуге болады.
Егер жолаушыда қосымша болмаса, вокзал қызметкеріне ЖСН-ды айту керек. Ол Ashyq қосымшасы арқылы адамның статусын өзі көреді. Шетелдіктердің статусы да төлқұжаттың нөмірімен тексеріледі. Ал 18 жасқа толмаған балалар тексерістен өтпейді.
Билет сатып алған жолаушыда "қызыл" немесе "сары" статус шыққан жағдайда пойызға жіберілмейді.
Қосымшада төрт статус бар. Олар:
жасыл – ПТР-тест тапсырған және теріс нәтижесі бар адам.
көк – ПТР-тесті жоқ, вирус жұқтырғандармен байланыста болмағандар.
сары – науқаспен байланыста болған адам.
қызыл – ПТР-тест оң нәтиже шыққан адам.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір