• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Қараша, 06:57:35
Алматы
+12°

Сот Қазақстанда қызметін тоқтату туралы шешім шығарған "Яндекс.Такси" сервиснің қызметі бұғаттала ма? Бұл сұраққа Яндекс Go компаниясының өкілдері жауап берді, деп жазады Kapital.kz сайты.

Сервис өкілдерінің мәліметінше, такси қызметі бұрынғыша істей береді, сервис бұғатталмайды. Компания алдағы уақытта сот шешіміне байланысты аппеляциялық шағым түсірмек.

Бұған дейін "Яндекс. Такси" мен "G-Taxi" қызметінің арасында тапсырыс ресімделетін ақпараттық жүйені пайдалану патентіне байланысты дау шығып, іс сотқа дейін жеткен. Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Яндекс.Такси" тапсырыс беру жүйесін қолданған кезде патенттік құқықты бұзғаны үшін істі шағымданушы "G-Taxi" қызметінің пайдасына шешкен. Ол бойынша сервис қызметі Қазақтан аумағында тоқтатылатын болған. Алайда сот шешімі күшіне енбеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: "Яндекс.Такси"

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір