28 Мамыр, 2021 NEWS
Фото: ТЖМ сайты
– Табылған үш турист эвакуацияланды. Олардың хал-жағдайы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес. Екеуі 1999 жылы және біреуі 2000 жылы туған. Олардың айтуынша үш күн бұрын екі топқа бөлініп кеткен. Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері оларды ата-анасына табыстады. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда, – деді Талғат Уәли.
Бұған дейін 25 мамырда Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адам жоғалғаны хабарланған. Туристер 21 мамырда туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір