• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:40:08
Алматы
+35°

Қазақстандық Forbes журналы оныншы жыл қатарынан Қазақстанның бай 50 бизнесменінің тізімін жариялады. Бұл жолы 60 адамның ішінен 50 кәсіпкер іріктеліп алынған. Рейтинг қатысушыларының байлығын бағалауда иелік ететін активтерінің жиынтық құны негізге алынған.

Тізімді 60 жастағы Владимир Ким бастап тұр. Оның байлығы – $4 700 000 000. Медалл өндірісі, қаржы саласымен айналысады. KAZ Minerals, Қазақмыс секілді ірі компаниялардың акциясының басым көпшілігіне иелік етеді. Байлығы бір жылда 600 млн долларға артқан. Әлемдегі бай адамдар тізімінде 494-орынға жайғасқан.

 

Екінші сатыда $4 200 000 000  байлығы бар Вячеслав Ким иеленген. 51 жаста. Ол былтыр бұл тізімнің 8-сатысында болған. Кәсіпкер Kaspi.kz депозит акцияларының 25 пайызына, Алсеко акционерлік қоғамына иелік етеді. "Астана-ЕРЦ" компаниясында еншісі бар.

 

Үздік үштікті Kaspi.kz акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Грузия азаматы Михаил Ломтадзе түйіндеген. 45 жаста. Оған банк акцияларының 23 пайызы тиесілі.

  

4. Болат Өтемұратов. 63 жаста. Байлығы – $3 500 000 000. Бір жылда капиталы $700 млн долларға артқан. Оған "ForteBank" акционерлік қоғамының 87,27 пайызы тиесілі. "Верный Капитал" тобы арқылы Қазақстан мен қырғызстандағы "Билайн" ұялы байланыс операторына, Нұр-Сұлтан, Вена мен Мәскеу қалаларындағы Ritz-Carlton қонақүйлеріне, Бурабайдағы Rixos Borovoe қонақүйіне,  Қазақстандағы Burger King франшизасына, Global Development компаниясы, Қарағандыдағы Сары-Арқа әуежайының бөлігіне,  Informburo.kz интернет порталына, "31 канал"  (80%) және тағы сол сияқты көптеген компанияларге иелік етеді.

 

5-6 Тимур мен Динара Құлыбаевтар. Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың күйеу баласы мен үлкен қызы. Әрқайсысының байлығы – $2 900 000 000. Тимур Құлыбаевтың атында еншілес көптеген компанияларды біріктіретін сингапурлық Steppe Capital Pte Ltd компаниялар тобы, "Кипрос" холдингі, Қазақстанда және шетелде коммерциялық жылжымайтын мүлікті арендаға беретін "Mercury Properties" ЖШС,"Алмэкс" холдингі бар.

 

Динара Құлыбаева күйеуі екеуі Халық банктің 56,39% акцияларына иелік етеді. Сондай-ақ Динара Құлыбаева Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қорының жалғыз құрылтайшысы. Оған "Astana IT University" ЖШС, Инновация және ақпараттық технологиялар орталығы, "Private clinic Almaty" ЖШС кіреді.
 
Ондықта Тимур Турлов ($2 000 000 000), Ибрагимовтер әулеті ($980 000 000), Иманғали Тасмағамбетовтың күйеу баласы Кеңес Рақышев ($950 000 000), Сәрсеновтар жанұясы ($810 000 000) бар.

Әлеуметтік желі мен баспасөз беттерінде есімдері жиі айтылатын кәсіпкерлер Нұрлан Смағұлов ($710 000 000) 11-сатыда, Айдын Рахимбаев ($610 000 000) 13-сатыда, Нұрсұлтан Назарбаевтың экс-құдасы Қайрат Боранбаев ($590 000 000) 14-сатыда тізімде орналасқан. Мемлекеттік қызметтен бизнеске кеткен Назарбаевтың жиені Нұрали Алиев ($195 000 000) тізімде – 31-сатыда. 2013 жылы Қазақстанның ең бай 50 адамының ішінде 13-сатыда тұрған Дариға Назарбаева ($595 000 000) бірнеше жылдан бері Forbes журналы тізіміне енбей келеді.

Биылғы бай адамдар қатарына кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың ($128 000 000) әулеті қосылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір