• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:44:28
Алматы
+12°

Голдман Сакс компаниясының басқарушысы криптовалютаға салынған инвестициядан мол ақша тапқаннан кейін қызметінен кетті.

Голдманның басқарушы директоры және Лондондағы дамушы нарық сатуларының жетекшісі Азиз Макмахон цифрлық валютаға миллиондаған фунт стерлинг салғаннан кейін жұмыстан шықты деп хабарлады инвестициялық банктің бұрынғы үш қызметкері.

Макмахонды жеке білетін бұрынғы қызметкерлер пікірталастардың сезімтал болуына байланысты аттарын атамауды жөн көрген.

Макмахон кем дегенде 10 миллион фунт стерлинг (14 миллион доллар) сомаға криптовалютаны қолма-қол ақшаға айналдырған.

Бұдан бұрын eFinancial Careers және The Guardian басылымдары "Макмахон Dogecoin криптовалютасы арқылы ақша тапқаннан кейін Голдмандағы жұмыстан кетті" деп хабарлаған. Ал, CNBC басылымы оның Ethereum арқылы пайдаға кенелгенін жазды.

"Ол енді өзінің хедж-қорын құрған болуы ықтимал" деп хабарлады eFinancialCareers.

Ал CNBC қаржылық басылымы  хабарласқанда, Голдман Сакс Макмахонның кеткенін растады, бірақ одан әрі түсініктеме беруден бас тартқан.

Bitcoin және басқа криптовалюталардың нарықтағы бағалары соңғы уақытта қатты өзгеріп отырды. Сәрсенбіде Tesla компаниясы экологиялық мәселелерге байланысты Bitcoin арқылы төлемдер қабылдауды тоқтататынын мәлімдегеннен кейін бүкіл нарық 365,85 миллиард долларға құлдырады.
 
Кейбір инвесторлар "сандық валютаның болашағы зор"," криптовалюта болашақтың ақшасы" деген пікірді қуаттаса, кейбір қаржылық мамандар криптовалютаның қымбаттауы "жарылатын баға  көпіршігі" екенін айтады. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір