• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:24:09
Алматы
+12°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аттестат табыстау  рәсімін маусым айының ашық алаңда өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл туралы ол аппарат жиналысында айтты.

– Соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11 сынып бітірушілеріне, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бұл оқушылар үшінші тоқсаннан бастап, негізінен, дәстүрлі, онлайн форматта оқыды, – деді министр.

Аймағамбетов бұл ретте бетперде және әлеуметтік қашықтық режимін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Өткен жылы аттестаттау рәсімі онлайн режимде өткізілген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір