• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:38:03
+12°
Қарағанды облысында балалар жанжалдасып, оның арты әкелер қақтығысына ұласқан, деп хабарлады  ekaraganda.kz сайты.

Сайт мәліметінше, оқиға 8
 мамырда кешкі сағат 9-да Теміртаудағы шағын аудандардың бірінде болған. Аулада кәмелетке толмаған екі баланың арасында жанжал шығып, ата-анасы балаларын ажырату үшін сыртқа шыққан.

Мән-жайды анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы екінші әкені бетінен ұрғаны анықталды. Артынша соққы алған ер адам үйінен мылтық әкеліп, екі рет әуеге оқ жаудырып, қашып кетеді.

Атыс кезінде зардап шеккендер жоқ.

Аталған дерек қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс ретінде тіркелді.

"Жасырынған адамды ұстау үшін облыстың ішкі істер органдарының жеке құрамы жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүруде" делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір