• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:50:30
Алматы
+35°

Ұлт өкілдерін таныстырған, табыстырған - Қапшағай!  Алматы облысының іргелі, өнімі молайып, кәсібі өрке домалап келе жатқан Шуақты қаланың өзінің ішіне бұққан қаншама сыры бар. Сұлуланған шаһар қаншама жастың қуанышын көріп, махабатына куә болсал, сол секілді қаншама жандарды тоғыстырып бақыт сыйлап келеді. Осындай ауызбірлігі жарасым тапқан, шаңырағының берекесі кірген бақытты жандардың бірі - Маргарита Нам мен Максим Ортумбаев. Бүгінде айрандай ұйып отырған отбасының екеуі де аралас ұлттың перзенттері. Екі баланың анасы Маргаританың әкесі кәріс, шешесі орыс, ал отағасының анасы украин, әкесі қазақ. Ең қызығы олардың ата-аналары да, өздері де осы киелі қалада танысып, үйлі-баранды болып, тату тәтті өмір кешуде. Қазіргі уақытта ата-енесі Теміртау қаласында тұрып жатқанымен айдынды көлді Қапшағайға жиі келіп жүреді екен. Бұл жер қай-қайсына да ұнайтын, жағымды орынның бірі. Шағын өңірдің жылдан - жылға әр саласы қанатын кеңге жайып дамып отырғандықтан, мұнда өмір сүру де ыңғайлы, жайлы екенін жасырмады үшіншісін күтіп жүрген ана. Осындай көп ұлтты бір шаңырақ астына жинаған отбасы мұсылман, христиан, кәріс мәдениеті мен салт-дәстүрін ұстанады. Маргаританың сөзіне қарағанда, жолдасы екеуі бірнеше мәдениетті және дінді бойларына сіңіріп өскен. Еліміздің ортақ мейрамдарын: оның ішіндегі наурыз, жаңа жыл, басқа да дәстүрлі мерекелерді аса үлкен дайындықпен қарсы алады. Мұнда барлық әдеп-ғұрыпқа сай сан алуан тағамдар дайындалып, ақ дастархан жайылады. Дәл осы дастархан басында баршасы жиналып, үлкендер батасын беріп, қуанышқа толы қызықты өткізетіндерін айтады. Бүгінде қос жұптың қаланың орталығында орналасқан «Кидди бутик» балалар дүкені бар. Осы отбасылық кәсіпті болашақта қызы Софья мен ұлы Эмирхан ары қарай дөңгелетіп әкететіндеріне сенімді. Ынтымағы келіскен шаңырақ иелері туған жерлері Қапшағайдың өркендеуіне ат салысып, қаланың әлеуетінің дамуына барынша өз үлестерін қосып келеміз дейді.

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қапшағай Ұлт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір