• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:33:16
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулыда өңірде карантин 3 мамырға дейін ұзартылатыны айтылған. Сонымен қатар облыста шектеу шараларының режимі мен мерзімдері эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Семей және Аягөз қалалары коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймаққа кірді.

"Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан, Аягөз аудандары мен Семей қаласының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, облыстық мемлекеттік кірістер және полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары Алматы облысы тарапына қойылатын екі, Қарағанды облысы тарапынан қойылатын бір және Аягөз ауданы аумағындағы екі санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс" делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, жоғарыда көрсетілген облыстың 3 аймағында:

Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік базарлары мен азық-түлік сатпайтын базарлар сенбі күні сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі күні жұмыс істемейді.

Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік базарлары мен азық-түлік сатпайтын базарлар сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) жұмыс күндері сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күні жұмыс істемейді.

Азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілерінің (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, зоодүкендер) қызметі шектеусіз, аптаның барлық күндері жұмыс істейді.

Азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, бутиктер) аптаның барлық күндері жұмыс істейді.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристтік базалар және т. б.) номерлер қоры толтырылуының 80%-ына дейін жұмыс істей алады.

Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайлардағы) сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Фудкорттарға уақыт бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, қалған уақытта тек тамақ алып кетуге және жеткізуге рұқсат берілген.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде/ұйымдарында 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтардың болуына рұқсат берілген.

Жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде-1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушылар аралас форматта оқиды.

Оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптар аптаның 6 күні ішінде аралас оқиды. Пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқу форматында жүзеге асырылады (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып - 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту).

Қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуі келесі форматта жүзеге асырылады: 20% – күндізгі жұмыс істеу режимі, 80% – қашықтан жұмыс істеу режимі.

Сауналар сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Осы қаулы 2021 жылғы 23 сәуірден бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір