20 Сәуір, 2021 Экономика
Фото: Қазақстан Халық Банкі АҚ PR-қызметі
Halyk Bank қолдауымен ХАТУ және ҚБТУ университеттерінде IT мамандарын даярлау бойынша жаңа оқу зертханалары мен оқыту бағдарламалары ашылды.
Клиенттердің қажеттілігі үшін жоғары технологиялық цифрлық сервистерді дамыта отырып, Halyk Bank ел ауқымында мықты кадр резервін құруға мүдделі және белсенді жұмыс істеп келеді. Өткен жұмада Қазақстан-Британ техникалық университетінде Halyk Academy зертханасы мен коворкинг аймағының ресми ашылуы өтті. Бастаманы Halyk Bank ҚБТУ-мен бірлесіп іске қосты. Оған сәйкес ЖОО базасында елдің ірі банкі үшін білікті мамандар дайындалатын болады.
Академия базасында Microsoft корпорациясының "Azure" бұлтты платформасы арқылы бағдарламалау тілдері мен технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Бұлтты зертхана университет оқытушылары мен студенттеріне кез келген практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жүргізуге, IT-жобаларды әзірлеуге, курстар немесе кәсіптік оқыту жүргізуге, жоғары технологиялық бұлтты платформаның қауіпсіз ортасында кез келген масштабтағы хакатондар мен демонстрациялар өткізуге жол ашады
Halyk Bank басқарма төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин аталмыш бастама ұзақмерзімді жоба екенін мәлім етті.
– Финтех – бұл тез өзгеретін технологиялар мен техникалық жабдықтардың арқасында үнемі және қарқынды дамып келе жатқан бизнес сала. Тиісінше, жақсы оқытылған, дайындалған, жоғары білікті кадрлар қажет, олар жоғары оқу орындарын бітіріп, өндірістік және технологиялық процеске оңай енеді. Halyk Bank болашаққа қарайды. Сондықтан Halyk Academy жобасын белсенді дамытып жатыр. Біз материалдық-техникалық базаны дамытуға, ҚБТУ және ХАТУ сияқты жоғары оқу орындарының студенттерін даярлау мен білім беруге қосқан үлесі нәтижесінде алдыңғы қатарлы банктік технологиялармен жұмыс істеудің практикалық дағдылары бар сауатты мамандар алуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бұл ұзақ мерзімді жоба, ол банкке де, жоғары оқу орындарына да, ең алдымен, өз идеялары мен инновацияларын нақты стартаптарға, ал банк индустриясы үшін неғұрлым ауқымды IT-жобаларға іске асыруға бірегей мүмкіндік алатын студенттерге қызықты, – деді ол.
Болашақта Halyk Bank ҚБТУ оқу бағдарламасының бір немесе бірнеше жобаларының бірлескен әзірлеушісі болуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде оқыту бағдарламасына нарықта сұранысқа ие ең трендтік технологиялар мен бағдарламалау тілдері енгізілген.
ҚБТУ ректоры әрі басқарма төрағасы Кенжебек Ибрашев Halyk Academy білім мен бизнесті біріктірудің жақсы үлгісі екенін атап өтті.
– Кез келген университеттің негізгі міндеті – нарыққа қажетті мамандарды дайындау. Жоғары білімнің маңызды бағытының бірі – студенттердің университет зертханаларында және компаниялардағы тағылымдамаларда алатын практикалық тәжірибесі. Halyk Academy білім мен бизнесті біріктірудің жақсы үлгісі болады. Оқу зертханасы мен коворкинг студенттерге қажетті практикалық дағдыларды дарытуға және оларды банктің технологиялық стэкімен таныстыруға арналған. Бұл студенттерге жұмыс ортасына тезірек интеграциялануға және оқу кезеңінде барлық қажетті технологиялармен танысуға, сондай-ақ одан әрі тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы зертханалар осылай көрінуі керек. Halyk Bank-пен біраз уақыт бұрын пайда болған Halyk Academy құру идеясы қазір шындыққа айналуда. Көптеген басқа IT жобалар сияқты – бұл идея біздің техникалық Альма матердің дәстүрінен бастау алады. Біз ұзақ мерзімді ынтымақтастық жолының басында тұрмыз және осы Академия одан ары дами түсетініне сенімдімін, – деді Кенжебек Ибрашев.
Microsoft корпорациясының Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы Нұрлан Жәнібек аталмыш жоба арқасында әрбір студент пен банк жетістікке жетуге мүмкіндік алывп отырғанын жеткізді.
"Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесімен өзара іс-қимылдың басым бағыты – біз үшін нарықтың қажеттілігінен туындаған барлық мүдделі әріптестер арасында табысты синергияны құру. Жобаның әрбір қатысушысының индустриялық құзыреттерін ескере отырып, өзара іс-қимылдың осы моделі банк пен нарық үшін экономиканың цифрлы трансформациясының сын-қатерлеріне дайын, сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және сертификатталған IT-мамандарын ұсынады. Halyk Bank, ҚБТУ университеті және Microsoft-тың бірлескен күш-жігерінің арқасында біз жоғары оқу орнының әрбір студентіне және банкке көп жетістікке жетуге көмектесетін бірегей және болашағы бар жобаны іске қостық, – деп атап өтті ол.
Алдағы уақытта жоба дарынды жастарды Орталық Азияның ірі қаржы институты – Halyk Bank-те тағылымдамадан өтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл үшін Halyk Bank-те бірнеше жылдан бері HalykStar тағылымдама бағдарламасы табысты жұмыс істеп келеді.
Halyk Academy Halyk Bank пен бірнеше қазақстандық жоғары оқу орындарының (ҚБТУ және ХАТУ) бірлескен жобасы бейіндік технологияларды дамыту перспективаларын ескере отырып, оңай жаңартылатын теңдестірілген икемді және мобильді оқыту бағдарламасын құруға мүмкіндік береді. Жоба Halyk Bank біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тұрақты легін ұйымдастыруға, тағылымдама бағдарламаларын (онлайн-ассесменттер, кандидаттарды бағалау үшін тестілеу) ұдайы жетілдіруге, банктің басымдықтарына сәйкес бизнес-кейстерді пысықтау үшін университеттер базасында R&D орталықтарын ашу үшін негіз жасауға мүмкіндік береді. Университеттердің оқу бағдарламаларына банк технологияларының стектерін енгізу, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын банктің басымдықтарына бейімдеу, білім беру мен банк индустриясы арасындағы қашықтықты айтарлықтай қысқартуды көздейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір