• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:14:39
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы Татарстан президентінің жақында Қарағанды облысына жасаған сапарын жоғары бағалады. Сол сапар кезінде Саран қаласында дөңгелек шығаратын зауыт іске қосылған болатын.

– Біз бұл кәсіпорынға үлкен үміт артып отырмыз. Қазақстандықтардың үлкен бір тобына Татарстанда білім алуға мүмкіндік жасағаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен мұны бұдан кейін де жалғасы болатын нақты жоба деп білемін. Біздің нарықта "Татнефть" компаниясынан басқа, "КамАЗ" кәсіпорнымен бірлескен жобаларымыз да бар, – деді Тоқаев

Президент Татарстанмен мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта беруге бейілді екенін жеткізді.

 – Біз татар мәдениетін өте жақсы білеміз және құрметтейміз. Сіздердің мәдениеттеріңіз біздің елде кеңінен танымал. Таяу уақытта, пандемия біткеннен кейін Қазақстанда Татарстан мәдениеті мен өнерінің күндерін өткізуге келісеміз деп ойлаймын. Біз бұл іс-шараның табысты өтуі үшін барлық жағдайды жасаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Рустам Миннихановқа Нұр-Сұлтан қаласынан татар халқының көрнекті өкілі, айтулы ақыны Ғабдолла Тоқайдың атына бір көше берілетіні жайында айтты. Бұл екі халық арасындағы ынтымақтастықтың жарқын белгісінің бірі болмақ.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір