14 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: www.gov.kz/ Ерлан Қиясов
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов Ashyq пилоттық жобасы туралы жаңа қаулы жариялады.
Құжатта үш кезең ішінде бірқатар орындардың ашылуына рұқсат етілген.
Қаулыға сәйкес, йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары, спа-орталықтары, сауналар, бассейндер, PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда), боулинг клубтары Ashyq пилоттық жобасы арқылы қызметін жалғастырады.
"Республика аумағында Ashyq жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында төмендегілерді жобаға енгізуге рұқсат етілсін:
- бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап:
- кинотеатрлар;
- театрлар және филармониялар;
- банкет залдары, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
- ерікті қатысушылар;
- екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:
- облысаралық және қалааралық жүйелі немесе (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:
1) караоке;
2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш.метр)" делінген қаулыда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір