• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:46:02
Алматы
+12°

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан жолдардың жағдайына қатысты ақпарат берді. Ол ағымдағы жылы ұзындығы 196,5 шақырым болатын 200 көшеге, оның ішінде 17 магистралды көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланғанын хабарлады.

Алматыда 40-қа жуық бригада жолдарды жөндеп жатыр. Жыл соңына дейін 200 көшедегі жолдар жөнделеді.

Алматы қаласының баспасөз қызметі

Ернұр Абжаханның айтуынша, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3096,8 шақырымды құрайды, оның 298,5 шақырымына асфальт төселмеген.

Ернұр Абжахан атап өткендей, 2025 жылға қарай 350 шақырым жаңа жол салу (2021 жылы – 40,4 шақырым, 2022 жылы – 80 шақырым, 2023 жылы – 78,6 шақырым, 2024 жылы – 80,6 шақырым және 2025 жылы – 70,4 шақырым) жоспарланған. Сондай-ақ ұзындығы 200 километр болатын жолдарға жыл сайын орташа жөндеу және 350 мың шаршы метрден астам жолға асфальт төсеу жоспарланған.

Ернұр Абжахан онлайн-брифинг барысында бүгінде жолдардың жағдайыт туралы мәлімет берді.

Алматы қаласының баспасөз қызметі
«Қазіргі кезде 39 бригада ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ 160 бірлік арнайы техника мен 394 жұмысшы жұмылдырылған. Қаланың 35 көшесінде жұмыстар жүргізілуде», - деді Алматы Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан.

Мысалы, кешегі күннің өзінде 3 мыңнан астам шаршы метр шұңқырлар жөнделді, 200-ден астам ақау қалпына келтірілді.

Сәуір айында Алматының 242 көшесіндегі 2 141 ақаулы учаскелер реттелді.

Алматы қаласының баспасөз қызметі

Алматы қаласының баспасөз қызметі
Жергілікті атқарушы органдардың жоспарында тағы да ұзындығы 196,5 шақырым болатын 200 көшеге, оның ішінде ұзындығы 38,4 шақырым болатын қаланың 17 магистралды көшесіне (Рысқұлов даңғылы, Сүйінбай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Кудерин көшесі, Жансүгіров көшесі, Райымбек даңғылы, Яссауи көшесі, Шаляпин көшесі, Момышұлы көшесі, Жандосов көшесі, Сейфуллин даңғылы, Құрманғазы көшесі, ВОАД, Халиуллин көшесі – Құлжа трактісі КА, Северное кольцо көшесі, Боралдай көшесі, Тәтібеков көшесі) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспары бар.

Айдың соңына дейін дайындық және бөлшектеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Жол жөндеу жұмыстарын шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Аудандық маңыздағы қалған барлық көшелер бойынша жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Алматыда жол салу және жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарына қатысты. Қалалық мобильділік басқармасының спикерінің айтуынша, жалпы ұзындығы 149,4 шақырым болатын 10 шағын ауданда (Өжет, Шаңырақ-5, Самғау, Алғабас, Нұршашқан, Қайрат, Әлмерек, Құрамыс, Тастыбұлақ, Думан) жұмыстар жоспарланған, ағымдағы жылы олардың 100 шақырымын аяқтау жоспарланған.

Е.Әбжахан 3 көлік айрығының (Сейфуллин даңғылы -Жансүгіров көшесі, Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа тракті) құрылысы туралы айтып берді. Ол Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында көлік айырығын пайдалануға беру жоспары барын, ал 2022 жылы Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі бойынша екі жол-көлік айырығының құрылысы аяқталатынын айтты.

Қазіргі уақытта Таусамал шағын ауданындағы Қонаев көшесін қайта жаңарту жалғасуда, онда мамыр айының соңына дейін сатып алынған үй құрылыстарын бұзуды аяқтау жоспарлануда, содан кейін жүру бөлігін кеңейту және тротуарлар жасау жұмыстары басталады. Жөндеу жұмыстары 2021 жылдың қыркүйегіне қарай толық аяқталатын болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Ернұр Абжахан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір