• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:58:22
Алматы
+12°

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова биыл ұлттық бірыңғай тестілеу электрондық форматта өткізу жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

– ҰБТ-ны электрондық форматта жүргізілу жоспарлануда. 2004 жылдан бері ұлттық бірыңғай тестілеу қағаз форматында өткізіліп келеді. Бастапқыда ҰБТ-ны өткізу екі функцияны алып жүрді. Біріншісі, мектеп бітіруге байланысты қорытынды аттестаттау жұмыстары мен мектеп бітіргені жөнінде аттестат алу үшін және ЖОО түсуге мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу функциясын алып жүрген болатын. Бүгінгі күні ҰБТ тек жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік грантты жеңіп алу конкурсына қатысу механизмі қызметін атқарады. Бұл – әлемдік практика, – деді вице-министр.

Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. 

ҰБТ-ға өтінішті http://app.testcenter.kz/ сайты арқылы беруге болады.

"ҰБТ электрондық форматта "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Аудиторияда не болып жатқанын көрсететін камералардан басқа, тестіленуші отыратын әр үстелдің үстінде тағы бір камера орнатылады. Прокторинг пен бейнебақылаудың заманауи жүйесі және ҰБТ-да бөгде адамдарды болдырмау үшін Face ID цифрлық сәйкестендіру құрылғысы пайдаланылады" делінген ресми сайт таратқан хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады.

  • талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе мамыр, не маусым айларында тапсыру мүмкіндігі болады;
  • Мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына алады;
  • Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады;
  • Қатысушылар тапсырмаларды кез келген пәннен бастай алады. Сондай-ақ тестілеу аяқталғанға дейін жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, жауаптарды түзетуге болады. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестелері қолжетімді болады;
  • Тестілеудің 60 минутынан кейін оқушыларға көзге арналған және дене жаттығуларын орындау үшін екі минуттық үзіліс, 120 минуттан кейін 15 минуттық үзіліс беріледі;
  • ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады;
  • ҰБТ нәтижелерімен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ апелляцияға өтініш бере алады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір