03 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: ашық дереккөз
2 сәуірде Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы жариялады.
Қаулыға сәйкес, 2020-2021 оқу жылының соңына дейін студенттер мен оқушылар қашықтан оқиды.
Қызметтеріне рұқсат беріледі:
• шаштараздар, косметологиялық және сұлулық салондары (орналасқан жеріне қарамастан);
• супермаркеттер, гипермаркеттер, тамақ өнімін сататын сауда желілері;
• ашық базарлар (азық-түлік және әмбебап), сондай-ақ жабық азық-түлік базарлары (жексенбіден басқа күндері);
• азық-түлік емес жабық әмбебап базарлар (сенбі-жексенбіден басқа);
• қоғамдық тамақтану объектілері.
Ал кітапханалар, балаларды сауықтыру лагерлерінің, білім мекемелеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне, кеңестерді көзбе-көз режимде өткізуге тыйым салынады.
Қаулының толық мәтіні мына жерде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір