• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:25:46
Алматы
+12°

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР/IAAR) және Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (бұрынғы Қазақстан теңіз университеті) және «Астана» университетінің аккредиттеу туралы куәліктерін кері қайтарып алды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Білім туралы" Заңға сәйкес лицензиясыз және аккредитациясыз жоғары оқу орындары диплом бере алмайды.  

– Естеріңізде болса, дәл осы үш жоғары оқу орны бізге де тексеру жұмыстарын жүргізуге кедергі жасады. Осыған дейін жүргізілген тексерулер нәтижесінде бұл оқу орындарынада бірқатар бұзушылықтар анықталған болатын. Аккредитациялары бойынша да проблемалары болды. Өткен жылы түлектері дипломдарын уақытылы ала алмай қиналған еді. Салдарынан магистратураға оқуға түсу немесе жұмысқа тұруға байланысты қиындықтарға тап болды. Өкінішке қарай, бұл жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан студенттер бұл жағдайдан сабақ алмады. Биыл да кадрларды дайындау сапасына қатысты сол мәселелер көтеріліп жатыр. Енді бұл оқу орындары бұған дейін жүргізген тексерулеріміздің нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдауымызға кедергі келтіріп, түрлі амалдарымен уақытты созып жатыр, – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Аккредиттеу туралы куәліктері кері қайтарылған оқу орындарының бірі – Орталық Азия университеті экс-депутат, 2019 жылғы президент сайлауына кантидат атанбақ болып, мемлекеттік тіл сынағынан өте алмаған Жұматай Әлиевке тиесілі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жоғары білім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір