01 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Алматыда Toyota көлігімен соқтығысқан мопед жолаушысы ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы kris.p.almaty.official Instagram парақшасы хабарлады.
Оқиға 28 наурызда Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында болған.
Мопед жолаушысы қаладағы ауруханалардың бірінде көз жұмды.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан мопедтегі курьер жол ережесін бұзып, Toyota көлігіне соқтығысып, мопед жүргізушісі мен жолаушының жарақат алғанын көруге болады.
Аталған іс бойынша қалалық полиция департаменті қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына сай (жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын жүргізуші адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын пайдалану) тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір