• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:06:03
+12°
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.
 
– Бүгін түстен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өткізеді. Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, аймақ әкімдері қатысады, – деп жазды Берік Уәли.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір