• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:51:22
Алматы
+12°

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан  8-наурыз күні Алматы қаласында өткен 5 феминистік ұйымның шеруін сынға алып, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.

Депутаттың сөзінше, шеру барысында Алматы қаласы әкімдігіне берген өтінімде көрсетілген сұрақтардан басқа қазақ халқының дүниетанымына жат нәрселер көтерілген. Ол Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйымның (көше партиясы) лозунгтарын көтергендер болғанын байқағанын да айтады.

– Бұл шеру бір қарағанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шеру секілді көрініс алады. Алайда шерудің күн тәртібі мүлде басқа арнаға бұрылып кетті. Белсенділердің сөйлеген сөздері бүкіл әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр. Ол видеоларды біздің балаларымыз да көреді. Бұл баршамыздың рухани құндылықтарымызға жасалған шабуыл деп түсінеміз. Сол себепті де ұрпақтарымызды осы сынды ақпараттардан сақтау жолында әрекет етуіміз қажет, – деді Б. Тілеухан.

Сондай-ақ депутат Алматыдағы шеру заң талаптарына сай өткенін, экстремистік топтар еркін алаңға шығуға қала әкімдігінен рұқсат алған, алмағанын анықтап, балаларды зиянды ақпараттан қорғау бағытында біржынысты некеден сақтайтын заң нормаларын парламентке енгізуді ұсынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір