• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:40:47
Алматы
+12°

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері сауда үйлері, жабық базарлар, ашық базарлар, балаларды түзету бөлмелері, ересектер және балалаға арналған білім беру орталықтары, мәдениет нысандары, театр, кинотеатр, концерттік нысандар, цирктер, балалардың ойын-сауық орталықтары, банкет залдарының жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Сондай-ақ көпшілік және бұқаралық іс-шаралардың, яғни конференциялар, форумдар, жиындар, митингтер, шерулер, пикеттер және бір отбасы мүшелерінен артық адамдардың қатысуымен өткізілетін тойлар, мерейтойлар, ұлттық ырымдар, туған күн мерекесінің өтуіне де тыйым салынады.

Қоғамдық көліктердің жұмыс істеу кестесіне өзгеріс енгізілді. Жұмыс күндері штаттық режимде, демалыс және мереке күндері күндіз сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін, кешке сағат 17:00-ден 22:00-ге дейін жүреді.

Құжат 20 наурызда күшіне енеді.

Құжаттың толық нұсқасы мына жерде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір