• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:19:05
Алматы
+12°

Беларусь президенті Александр Лукашенко "Минск шаңғы жолы 2021" фестиваліне қатысып, биатлон эстафетасында бірінші келді, деп хабарлады mk.ru сайты.

Турнир кезінде түсірілген видеодан президенттің қарсыласы 30 секунд ішінде үш рет құлап, орныннан тұра алмай жатқанын, Александр Лукашенконың мойнында жеңімпаз медалі ілулі тұрғанын көруге болады.

Беларусь президенттінің баспасөз хатшысы Наталья Эймонт "Қарсыласы әдейі құлады" деген мәлімдеме шындыққа жанаспайтынын айтты.

Артынша, мәреге жақын қалғанда құлаған шаңғышы танымал хоккейші екені анықталып, ол өмірінде шаңғымен үш рет қана сырғанағаны хабарланды.

Мұның алдындағы этапта Лукашенконың ұлы Николай осы эстафетада 2010 жылғы қысқы олимпиаданың күміс жүлдегерін басып озған. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір