16 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта.
Алматы, Атырау, Ақмола және Қарағанды облыстары "сары" аймақта.
Ал қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір