15 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: Иманбек Зейконовтің Instagram парақшасынан
Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтың SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығының "Үздік ремикс" номинациясын жеңіп алды.
Grammy сыйлығы – Американың Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясы (NARAS) тапсыратын музыкалық сыйлық. Бұл – бүгінде музыка индустриясында ең абыройлы марапат.
Биыл Grammy сыйлығы 63-ші рет ұйымдастырылып отыр. 20 жастағы Иманбек Зейкенов – шығармасы Grammy сыйлығына ұсынылған әрі жеңген алғашқы қазақстандық.
– "Грэммиді" алдық! Жігіттер, "Грэмми" – біздікі! – деді музыкант instagram әлеуметтік желісінде жариялаған видеода.
Сыйлық ұтып алған сәтінде ол ата-анасына, командасына, Effective Records лейбліне, менеджері Кириллге және Grammy ұйымдастырушыларына алғысын айтты.
Roses (SAINt JHN) әнінің түпнұсқасы 2016 жылы жарыққа шыққан. Ал ремиксін 2019 жылы жазғаннан кейін Иманбектің әлемге танымал болды. Оның ремиксі Apple Music-тің үздік ондығына кіріп, Shazam музыкалық қосымшасында 22 миллионнан астам қаралды. Иманбектің туындысы Youtube-те 234,5 миллион рет көрілген.
Иманбек Зейкенов 2000 жылы 21 қазанда дүниеге келген. Ол бұған дейін Павлодар облысы Ақсу қаласында темір жолда жұмыс істеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір