14 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: видеодан скриншот
Алматы маңында құлаған әскери ұшақтың "қара жәшік" мәліметтері тексеріліп жатыр. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, ҚР үкіметі ұшақ апатының мән-жайын анықтау мақсатында құрамына арнайы сараптау комиссиясын құрды. Құрамына ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс және ішкі істер министірліктерінің өкілдері кіреді.
"Қазіргі уақытта комиссия мүшелері әуе кемесінің апатқа ұшыраған оқиға орнында. Борттық жазу құралы ("қара жәшік") табылды. Ішіндегі мәліметтері тексеріліп жатыр. Нәтижесі жақын уақытта хабарланатын болады" делінген хабарламада.
Ұшақ апатында қаза болғандардың туған-туысқандарымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласында орналасқан ұлттық қауіпсіздік комитетінің госпиталінің мамандары жұмылдырылған.
"Арнайы бортпен Е.Васильковтың ата-аналары Петропавл қаласынан Алматыға жеткізілді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза болғандар мен жапа шеккендердің отбасылары мен туғандарына қажетті материалдық, жерлеу рәсімдерін өткізу үшін барлық көмек түрлерін көрсетіп жатыр" деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір