• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:56:05
Алматы
+12°

Фото: Ғылыми-зерттеу институтының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қазақстан онкологтар қауымдастығының мүшесі, жоғары санаттағы онколог дәрігер, академик, профессор, медицина ғылымдарының докторы Райымқұл Қарақұлов қайтыс болды. Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Бүгін түнде біздің қымбатты профессорымыз, ұстазымыз, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ Гематология және сүйек кемігі трансплантациясы орталығының онколог дәрігері – Райымқұл Қарақұлұлы дүниеден озды.

"ҚазОРҒЗИ" АҚ басқарма төрағасы Диляра Қайдарова бастаған институт ұжымы Райымқұл Қарақұлұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Бұл Қазақстанның медицина және онкология қоғамдастығы үшін орны толмас қаза" делінген желідегі жазбада.

Райымқұл Қарақұлов 1942 жылы 13 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында туған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, КСРО өнертапқышы.

1967 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын, педиатр факультетін бітірген.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтындағы қызметін 1971 жылы қарапайым лаборант болып бастаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір